Автомобиль жолдарын салу және жөндеу

Автомобиль жолдарының желісі – экономиканың маңызды элементі және кез-келген елдің көліктік инфрақұрылымының ең ірі компоненті. Жоғары пайдалану сипаттамаларын қалыпта ұстау және жол желісінің тұрақты дамуы – экономикалық өсімге, мемлекет тұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен жақсартуға қажетті жағдайлар. Заманауи автомобиль жолдарына автомобиль көлігінің үздіксіз жұмысын іске асыратын, жол қозғалысы қауіпсіздігін және архитектуралық-эстетикалық талаптарды қамтамасыз ететін жоғары талаптар қойылады. Оларды іске асыру жобалаудың, пайдаланудың және автомобиль жолдарын күтіп ұстаудың барлық деңгейлерінде жүйелік тәсілді пайдалану кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүгінгі таңда, автомобиль жолдарын жобалау кезінде жүйелік тәсіл мынадай жолмен жүзеге асырылады:
— Жергілікті жер туралы ақпараттарды жинаудың жоғары сапалы әдістерін қолдануға негізделген заманауи технологиялар мен зерттеулерді өндіру әдісі (ГАЖ-технологияларын қолдану);
— Жобалау аймағынның жергілікті сандық моделін қалыптастыру, жобаланатын автомобиль жолдарына жол тарту, жолдың бойлық бейнесін жобалау, көлденең бейнелер мен жол жамылғыларын жобалау, жасанды құрылыстарды және жолдарды жайластыруды инженерлік-сервистік жобалау, жобалық шешімдерді бағалау бойынша тапсырмаларды шешу үшін жобалаушыға құралдар ұсынатын автомобиль жолдарын заманауи автоматтандырылған жобалау жүйесі.