Компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты

Компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаты

Осы САЯСАТ негізгі әдіснамалық әдістерге, принциптерге, ережелерге және стандарттар талаптарына сәйкес әзірленген

  1. Компания қызметінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдердің сипаты мен ауқымына сәйкестігі;
  2. Компанияның өнеркәсіптік қауіпсіздігінің интеграцияланған басқару жүйесін үнемі жақсарту;
  3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Компания қызметіне қолданылатын қызметтің заңнамалық және өзге де талаптары бойынша қолданылатын іс-әрекеттерге сәйкестігі;
  4. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, еңбек қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды үнемi жетiлдiру және осы мiндеттемелердiң орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
  5. Өндірістік қызметтің нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығы қағидатын басшылыққа ала отырып, технологияның қазіргі жағдайы мен ғылыми жетістіктеріне сәйкес өндірістік процестердің деңгейіне қол жеткізу есебінен салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;
  6. Өндірістегі жарақаттанудың, апаттардың және қоршаған ортаға өндірістің тигізетін қолайсыз экологиялық әсерінің көрсеткіштерін дәйекті түрде төмендетуге қол жеткізу;
  7. Компанияның өндірістік объектілерінің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін, технологиялық жабдықтардың сенімділігін жоғарылату және жетілдіру, оның қауіпсіз және проблемасыз жұмысын қамтамасыз ету есебінен дүние жүзіндегі мұнай компанияларындағы ең жақсы көрсеткіштерге сәйкес деңгейге дейін арттыру;
  8. Компания алдында туындауы мүмкін өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес және нәтижелілік беретін басқару жүйесін құру және қоллдау;
  9. Жобаға және жобалық құжаттамаға дайындық сапасын жақсарту және қажетті сараптамаларды жүргізу арқылы қоршаған ортаға және персоналға жаңа енгізілген қондырғылардан қолайсыз әсер келуін минималды деңгейде қамтамасыз ету;
  10. Қызметкерлердің денсаулықтары нашарлауының және жарақаттануының, төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша барлық қолжетімді және іс жүзінде іске асырылатын шаралар кешенін жүзеге асыру, ал олар туындаған жағдайда – қызметкерлер мен қоршаған ортаға келтіруі мүмкін салдарларды жұмсарту жөніндегі шараларды қолдану;
  11. Компанияның өндірістік нысандарында жұмыс істейтін Компания қызметкерлеріне, мердігерлеріне және жеткізушілеріне Компанияда өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті стандарттар мен нормаларға сәйкес қабылданған осы КОМПАНИЯ САЯСАТЫН жеткізу және олардан оны сақтауды талап ету;
  12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компания қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделі тараптарды (мердігерлерді, қоғамды, атқарушы билік органдарын және т.б.) ақпараттандыру және кеңес беру;
  13. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы КОМПАНИЯНЫҢ САЯСАТЫН жақсарту, түзету және жетілдіру.