Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компанияның саясаты

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Компанияның саясаты

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптардың негізінде кәсіпорындардың табиғи ортаға әсер етуіне рұқсат береді. Біздің кәсіпорын экономикалық және әлеуметтік факторларды есепке ала отырып, барынша қол жетімді технологияларды қолдануға негізделген жұмыстарды орындау кезінде қоршаған ортаға кері әсерін төмендетеді. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдауға жауапкершілікті кәсіпорынның басшысы және онымен тағайындалған тұлға көтереді.

Өнеркәсіп қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау және экологияның жетекші инженерлерінің міндеттері біліктілік анықтамасына сәйкес жасалды және төмендегілермен анықталады:

  • Компанияның бөлімшелерінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларды, нұсқаулықтарды, стандарттар мен нормотивтерді сақтауды бақылау;
  • Қоршаған ортаны қорғаудың перспективалық және тұрақты жоспарлары бойынша жобаларды әзірлеу;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарларды іске асыруды бақылау;
  • Техникалық-экономикалық негіздемелердін, қолданыстағы өндірістік нысандарын кеңейту және қайта құру жобаларын экологиялық сараптамадан өткізуге қатысу (кәсіпорын өкілі ретінде), сондай-ақ жаңа техниканы ендіру бойынша іс-шараларды әзірлеу, жаңа технологиялар мен жабдықтарды құру;
  • Өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту, атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын тастау арқылы қоршаған ортаны ластауды болдырмау, технологиялық қалдықтарды азайту немесе толық жою, жер және су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға қатысу;
  • Табиғат қорғау объектілерінің технологиялық режимдерін, кәсіпорынның орналасқан жері бойынша қоршаған ортаның жай-күйін сақтауды бақылау;
  • Технологиялық регламенттерді, аналитикалық бақылау кестесін, паспорттарды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттарды жасау;
  • Жабдықтың техникалық жай-күйін қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану талаптарына сәйкестігіне тексеруге қатысу;
  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша өткізіліген іс-шаралар туралы белгіленген есептілікті дайындау.
  • Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарын орындау үшін шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде экологиялық, санитарлық-гигиеналық, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қоршаған орта сапасының нормативтері осы нормалардан аспауы керек.

    1. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау

    Ауаны қорғауға бағытталған негізгі іс-шаралар шығарындылардың көлемін азайту және олардың жерге жақын концентрациясын қысқартуға бағытталған технологиялық және арнайы іс-шараларды қосады.

    Технологиялық тұрғыдан олар мыналарды қамтиды:

    • Тура сондай өнімді шығару үшін басқа кәсіпорындарда қолданылатын технологияларға қарағанда, озық технологияларды пайдалану.
    • Бірдей қосынды өнімділігі кезінде агрегаттардың бірлік қуаттын ұлғайту.
    • «Таза» отын түрін өндірісте қолдану.
    • Түтін газын рециркуляциялауды қолдану.