Компания жайлы

Болат қалай шыңдалды (немесе әлемдік дағдарыс дәуірінде бизнесті дамыту)


Компания Солтүстік-Қазақстан облысында 2005 жылы желтоқсанда құрылды және «Уәлихан -Құрылыс» деп аталды. 2006 жылы Компания мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, 2007-2008 жылдар аралығында Элеватор үшін ауыз су құбырын монтаждаудан өткізді. 2008 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында қосалқы мердігерлік тәсілмен Алматы қаласындағы тұрғын-үй кешендерінің құрылысы, сондай-ақ бас мердігері «KUAT» Корпорациясы болып табылған шығыс автомобиль жолының құрылысы бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

Біздің жаңа құрылыс бағытындағы алғашқы қадамдарымыз 2011 жылы басталды, біздің Компания Достық станциясындағы (Қытай Халық Республикасымен шекара бекет) Мұнай базасына кірме теміржолын салуға келісімшарт алды. Аталған жобаның күрделілігі мынада болды: рельс жолтабанының ені – 1435 мм, ал біздің барлық жабдықтарымыз, соның ішінде өлшеу құралдары да, ТМД елдерінің жолтабандарына арналған, яғни – 1520 мм. Инженерлер мен жоба менеджерлеріне тез арада Алашанькоу (ҚХР) қаласындағы жеделдетілген курстардан өтуге, жабдықтар мен өлшеу құралдарын сатып алуға тура келді. Біздің Қытайлық әріптестеріміз бізбен қуана-қуана 1435 мм стандарттарымен бөлісті. 2012 жылдың соңында біздің Компания жобаны сәтті аяқтап шықты және сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы тарапынан алғашқы пойыздарды іске қосты.

Шын мәнінде, 2012 жыл біздің Компаниямыз және біздің жігіттеріміз үшін тексеру жылы болды, осы жылы бізбен бірден үш нысан пайдалануға берілді:

  1. Достық қаласындағы Мұнай базасына кірме теміржолы (тапсырыс беруші «Dostyk Refinery» ЖШС);
  2. Балқаш қаласындағы металл сақтау базасы үшін кірме темір жолдары (тапсырыс беруші «KSP Steel» ЖШС);
  3. Мыңарал ауылындағы Мыңарал цемент зауытының кірме теміржолдары (тапсырыс беруші «ЖЦӨК» ЖШС, бас мердігер АДС – Компаниясы).

2013 жылы Компания құрылтайшылары оған жаңа атау берді – Қазақстан Теміржолшыларының Тобы. Дәл осы жылы Компанияға жаңа серпін мен теміржол жолдарының алаңішілік құрылысына және «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай мыс жобасы кірме автомобиль жолдарының құрылысына жаңа келісімшарттар берілді. «KAZ Minerals Aktogay»ЖШС-мен ынтымақтастық барысында біз келесі нысандарды салдық және пайдалануға бердік:

  1. Алаңішілік теміржолдар – 9,6 км.
  2. Теміржол өтпелері – 10 дана.
  3. Вагондық таразылар – 1 дана.
  4. Су өткізгіш құрылыстар – 17 дана.
  5. III-ші санатты автомобиль жолы – 14,5 км.
  6. Ұшу-қону жолағы – 1 дана.
  7. Карьер әзірлеу – 1 карьер.

Мердігерлік тәсілмен орындалған көптеген кішігірім жұмыстар мұнда сипатталған жоқ, біз туралы «Тәжірибе» деп аталатын із қалдырған жарқын жетістіктер алынды.