Барлық санаттағы ұшу-қону жолағы

Ұшу жолағы өзіне жұмыс алаңы мен қауіпсіздік жолағын қамтиды. Жұмыс алаңы екі өзара қарама-қарсы бағыттағы ұшақтарды ұшыруға және қондыруға арналған. Кез-келген жыл мезгілінде ұшақты ұшыру және қондыру үшін, ұшу жолағының жұмыс алаңы аясында тыс құнарлылықтың болу салдарынан топырақта жеткіліксіз беріктік болады, әсіресе, лайсаң және қарқынды жаңбыр кезеңінде, ондай жағдайда жасанды жамылғысы бар бір ұшу-қону жолы жасалады (әдетте, төменгі санаттағы әуежайларда).
Ұшу-қону жолағы – ұшақтарды ұшыруға және қондыруға арналған арнайы даярланған және жабдықталған ұшу жолағының бір бөлігі.
Ұшу-қону жолақтарының жасанды жамылғысының ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық факторларды, жергілікті жер бедерлерін, топырақ-грунттық және гидрогеологиялық жағдайларды мұқият есепке алу талап етіледі. ЖҰҚЖ-ның орналасу сипаты, жасанды жамылғылардың көлемі мен суару-қуару жүйелерінің типі жергілікті жер бедеріне тәуелді.
ЖҰҚЖ-ның сәтті орналасу жағдайында жергілікті жер бедеріне қатысты ұшу алаңының топырағын құрғату үшін жақсы жағдай жасауға, сондай-ақ, жер жұмыстарының көлемін азайтуға болады. Сондықтан, ЖҰҚЖ ұшу алаңының биік бөліктерінде орналастыру көбірек мақсатқа сай. Топырақ-грунттық жағдайлар жамылғы тұрақтығына әсер етеді. Ауа температурасы жасанды жамылғыларда температуралық кернеулер мен деформациялар тудырады. Жел және ауа ылғалдығы пайдалану жай-күйінің жағдайын және аэродромдарды күтіп-ұстауды сипаттайды.