Жетекші блогы

Ардақ Жанұзақұлы Терсебаев

Директор

Ардақ Жанұзақұлы Терсебаев  1979 жылы жұмысшылар
отбасында дүниеге келген.
Білімі:
 1. Қазақ көлік және коммуникация академиясы.
 2. Беларусь мемлекеттік университеті.
Мамандығы:
1. Теміржол, жолақ және жол шаруашылығының құрылысы. Инженер
2. Персоналды басқару технологиясы. Магистр

   

Еңбек жолын 1996 жылы Алма-Аты теміржол жолының Чиганак жол дистанциясында жол монтері болып бастаған.

Теміржол көлігіндегі жалпы еңбек өтілімі 1996 жылдан бастап 2010 жылға дейін.

Өзінің өндірістік қызметі барысында Чиганак-Барубайтал, Чиганак-Қайраткөл (Астана-Алматы учаскесі) екінші бас айналып өту жолдарының күрделі жөндеу және сол учаскедегі де кішігірім қызмет атқаратын станциялардың демонтаждау жұмыстарын өткізудегі ұйымдастырушылардың бірі болды.

Астана-Алматы учаскесінде жылдамдықты арттыру үшін жоғарғы жолды құрылымды жөндеу жұмыстары ауыр жол машиналарының кешенін пайдалану, балласты қабатын ауыстыру және рельс жолын блок учаскесіне ұзарту арқылы жүзеге асырылды. Осы жұмыстың бәрі жоғары инженерлік әдісті талап етті, сонымен бірге, енгізілген жаңалықтарды одан әрі қамту үшін барлық орта буын жетекшілерін қайта даярлау қажет болды. Орта буын жетекшілерін қайта оқытуды ұйымдастыру А.Д. Терсебаевқа жүктелген.

2007 жыл, Балқаш жол дистанциясына ауыстырылған.

Балқаш жол дистанциясына жұмыс істей отырып, Бүйрек, Сары-құм және Көкдомбақ станцияларының кіре берісін қайта жөндеу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Ағаш брустардағы Р-50 типіндегі бағыттамалы бұрмалар қайта бөлшектелді және темір-бетон брустардағы Р-65 типіндегі бағыттамалы бұрмалар монтаждалды. Көкдомбақ –Сарықұм айналып өту жолдарында температуралық кернеу разрядымен рельстік бунақтарды дәнекерлеу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Балқаш станциясы бойынша менің бастамаммен бағыттамалы бұрмаларды қиыршық тас балласттарына ауыстыру бойынша жұмыстары өткізілген. Сонымен қатар, бұрма көшелердің тиелген бағыттарын оңтайландыру. Бұл жұмыс жалпы бюджет үшін едәуір үнемдеу берді.

2010 жылдың соңында мен «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-ғы өз қызметімді тастап, жұмыстан шықтым, қала беруге болатын еді, алайда тәжірбие инженерлік ойлау-қабілеті бар адамдар үшін перспективалардың жоқ екендігін көрсетеді, сондай-ақ мен өзімде бұрыннан бері өз құрылыстық компаниямды ашқым келген.

Яғни, 2011 жылдың басында мен өз құрылыстық компаниямды ашып, ақырындап өз арманыма қадам баса бастадым, қазіргі таңда мен маған сеніп, менің артымнан жүрген адамдардың игілігі үшін табысты еңбектенудемін.